«ҰЗМИ» РМК Алматы қаласындағы филиалы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде семинар өткізді.

Ғылыми мекемелер, ЖОО мен ұйымдарда зияткерлік  меншік мәселелері бойынша құқықтық түсіндіру шараларын (зияткерлік меншік саласындағы білімді насихаттау) өткізу мақсатында 2017 жылдың 14 наурызында Алматы қ.-да Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Авторлық құқықтың құқықтық негіздері және оларды тіркеу. Өнертабыс пен пайдалы модель өнеркәсіптік меншік объектілері ретінде. Өнеркәсіптік меншік объектілеріне өтінімдерді электронды түрде беру» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинар жұмысына барлығы 33 адам – бөлім басшылары, ғылыми қызметкерлер, патенттанушылар (с.б. доценттер, ғылым кандидаттары) мен «ҰЗМИ» РМК Алматы қ. филиалының қызметкерлері қатысты.
Алғы сөзді Оқу орталығының басшысы Ж.А. Серікбаева сөйлеп, «ҰЗМИ» филиалының қызметі жайында қысқаша ақпарат берді.
Алдын-ала бекітілген бағдарламаға сәйкес филиал қызметкерлері келесідей тақырыптар бойынша дәріс оқыды:
«Авторлық құқықтың құқықтық негіздері және оларды тіркеу. Өнертабыс пен пайдалы модель өнеркәсіптік меншік объектілері ретінде»; Л.Г. Джаманшалова – Өнертабыстар бойынша патенттік зерттеулер басқармасының бас сарапшысы;
«Өнеркәсіптік меншік объектілеріне өтінімдерді электронды түрде беру»; Б.О. Назаров – Оқу орталғының бас маманы.
Қатысушылар өнеркәсіптік меншік объектілерін тіркеу, авторлық құқық объектілері, ЗМО-не өтінімдерді электронды түрде беру (с.қ. өтінімдерді электронды берудің артықшылықтары және т.б. жайлы) туралы сұрақтар қойып, оларға филиал қызметкерлерінен білікті әрі толық жауаптар алды.
Семинар соңында Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы Ғылыми-техникалық қызмет нәтижелрін коммерцияландыру бөлімінің басшысы Виктор Степанович Лысенко семинар ұйымдастырушыларына берілген ақпарат үшін алғыс білдіріп, зияткерлік меншік мәселелері бойынша іс қағаздарын жүргізу үшін патенттанушыларды дайындау курстарын өткізу туралы ұсыныс білдірді.

 

 

Newsletter category: