«ҰЗМИ» РМК Алматы қ. Филиалының директоры «Нұр Отан» партиясының отырысына қатысты.

2017 жылдың 3 наурызында «Нұр Отан» партиясының Алматы қаласындағы филиалында «Жоғары технологияларды дамыту» бағытындағы Комиссияның  отырысы болып өтті. Аталған отырыста «ҰЗМИ» РМК Алматы қаласы филиалының директоры З.О.Орынбекова «Зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері жөніңдегі Қазақстан Республикасының  кейбір заңнамалық актілеріне  өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы»  Заң жобасын талқылау  және  тауар таңбаларына құқықты қорғау мәселелері бойынша баяндама оқыды. Баяндама барысында отырыс қатысушылары Заңға өзгертулер енгізу бойынша нақты сұрақтар қойды  және  жеке құрылымдар үшін зияткерлік меншік саласындағы  білімді  насихаттау бойынша  шаралар өткізуге қызуғышылық  танытты.