ҰЗМИ" РМК Алматы қ. филиалында "Ашық есік күні" өтті

2017 жылдың 26 сәуірінде Халықаралық зияткерлік меншік күніне орай «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК Алматы қ. филиалында «Ашық есік күні» өтті.
Аталған шарада филиал директоры З.О. Орынбекова өзінің құттықтау сөзінде қатысушыларды Халықаралық зияткерлік меншік күнімен құттықтап, қысқаша «ҰЗМИ» РМК-ң қызметі жайында ақпарат берді.
«ҰЗМИ» РМК филиалы Оқу орталығының қызметі жайында, Қазақстанда өнертабыстарды патенттеу және тауар таңбаларын тіркеу, Хат-хабарлар және бақылау жұмыстары бөлімінің қызметі турасында «ҰЗМИ» РМК филиалының басқарма және бөлім басшылары cөз етті. Аталған шараға Алматы қ. Әділет департаментінің, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің өкілдері мен «ҰЗМИ» филиалының басқарма және бөлім басшылары қатысты.
Шара қонақтары «Қазақстанда өнертабыстарды патенттеу және тауар таңбаларын тіркеу» тақырыптарына қызығушылық білдіріп, ұйымдастырушыларға зияткерлік меншік саласы бойынша берген ақпараттары үшін алғыс білдірді.
Newsletter category: