«ҰЗМИ» РМК Алматы қ. филиалы семинар өткізді

2016 жылдың 8 желтоқсанында «ҰЗМИ» РМК Алматы қ. филиалы Микробиология және вирусология институтында 2016 жылға арналған «ҰЗМИ» РМК жұмыс жоспарынының 12 тармағына сәйкес ғылыми мекемелерде, ЖОО-да және ұйымдарда құқық түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сонымен қатар зияткерлік меншік саласындағы білімді насихаттау мақсатында «Зияткерлік меншік мәселелері бойынша ҚР заңнамалық актілері. Зияткерлік меншік объектілеріне өтінімдерді электронды түрде беру» тақырыбында семинар өтті.
Семинар жұмысына доценттер, ғылым кандидаттары, бөлім басшылары, ғылыми қызметкерлер, патенттанушылар мен «ҰЗМИ» РМК филиалының қызметкерлері қатысты.
Алдын-ала бекітілген семинар бағдарламасына сәйкес, филиал қызметкерлері келесідей дәрістер оқыды:
- Зияткерлік меншік мәселелері бойынша ҚР заңнамалық актілері (өзгерістер мен толқытыруларды қоса алғанда);
- Зияткерлік меншік объектілеріне өтінімдерді электронды түрде беру.
Семинар қатысушылары өнеркәсіптік меншік объектілерін тіркеу, авторлық құқық объектілері, ЗМО-не өтінімді электронды түрде беруге (сонымен бірге, штрих-кодтың берілуі, электронды өтінімді қарау мерзімі және т.б.) қатысты сұрақтар қойып, толық жауап алды.