Колл-центр
+7 (7172) 62-15-15
+7 (7172) 62-15-16
+7 (7172) 62-15-08 kazpatent@kazpatent.kz

ҰЗМИ елорданың 20-жылдығына орайластырып, дөңгелек үстел өткізді.

2018 жылғы 27 маусымда Астана қаласында, «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК-ның орталық кеңсесінде Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20-жылдығын тойлауға орайластырылған «Зияткерлік меншік елорданың дамуының драйвері ретінде» дөңгелек үстелі өтті.

Дөңгелек үстелдің жұмысына мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, ғылыми-зерттеу мекемелерінің өкілдері, сондай-ақ патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдер, «ҰЗМИ» РМК патент жүргізушілері мен сарапшылары қатысты.

Дөңгелек үстелдің жұмысын аша келе, «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК директорының бірінші орынбасары К.О. Батаева Астана бүгінгі күні Қазақстанның өңірлері арасында өнертабыстарға, пайдалы модельдер мен тауар таңбаларына берілген қорғау құжаттарының саны бойынша 2-орында тұрғанын атап айтты.

«Астана Innovations» АҚ инновациялық экожүйені дамыту орталығы басшысының  орынбасары тез өсіп келе жатқан мегаполистің мәселелерінің тиімді шешімдері, «Астана – инновациялар қаласы» және «Smart City»  концепциясы туралы айтты.

Қаланың инновациялық экожүйесіндегі технологиялар трансфертінің ерекшеліктері "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" АҚ Технологиялар трансферті орталығының директоры М.Ш. Дюсембаевтың сөзінде орын алды.

«Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ Инновациялар және технологиялардың трансферті департаменті директорының орынбасары С.А. Нуркенов С.А. белгіленген тақырыпты жалғастырып, Қазақстанның жасыл экономикаға өтуіне бағытталған IGTIC бастамалары туралы хабарлады.

Астаналық университетте зияткерлік активтерді басқару ҚР патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлі, «Nazarbayev University Research and Innovation System» ЖМ коммерциализациялау кеңсесінің зияткерлік меншік жөніндегі менеджері Ж.М. Толыбаевтың баяндамасының тақырыбы болды.

«Диалог» патент бюросы» ЖШС Бас директоры, ҚР патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлі Тусупова М.К. дөңгелек үстелге қатысушылардың назарын зияткерлік меншіктің астаналық нарығының дамуын тежеп отырған тауар таңбасына берілген құқықты теріс пайдалану сияқты көрініске аударды.

Бағдарламаны Астананың инновациялық дамуы үшін зияткерлік меншіктің әлеуеті әлі де таусылмағанын түйіндеген «ҰЗМИ» РМК Өнертабыстар және пайдалы модельдерге өтінімдерді сараптау басқармасының бастығы Г.К. Ильясованың презентациясы аяқтады. Елордада құрылып, жүзеге асырылып жатқан патенттелген техникалық шешімдердің жарқын мысалдары қаланың үлкен инновациялық әлеуеті туралы айтуға мүмкіндік береді.

Одан кейін көтерілген мәселелердің кең спектрін қамтыған орын алған дискуссияда ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Технологиялық және инновациялық даму басқармасының жетекшісі Тілеуғазыұлы О., «Ғылым қоры» АҚ Сараптау департаментінің басқарушы директоры Мылтыкбаева Л.А., ҚР патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлі Тагбергенова М.М., С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің патент жүргізушісі Сауганбаев А.У. және басқалар қатысты.

Қорытындылай келе, Батаева К.О. қатысушыларға ризашылығын білдіріп, көтерілген мәселелердің  келесі іс-шаралар аясында одан әрі талқылануына сенім білдірді.