«Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК директоры Е.Қ. Оспановтың патенттік сенімді өкілдермен кездесуі

2017 жылдың 06 сәуірінде «ҰЗМИ» РМК Алматы қ. филиалында «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК директоры Е.Қ. Оспановтың патенттік сенімді өкілдермен кездесуі өтті.

Кездесуді «ҰЗМИ» РМК директоры Е.Қ. Оспанов ашып, өз сөзінде қатысушыларды институттың 2016 жылы жасаған жұмыс нәтижелерімен және ведомство қызметін дамытудың алдағы жоспарларымен таныстырды.

«ҰЗМИ» РМК филиалы мен Ғылыми-техникалық кеңестің қызметтері жайында «ҰЗМИ» РМК Алматы қ. филиалының директоры З.О. Орынбекова сөз етті.

Кездесуге «ҰЗМИ» РМК директорының орынбасары Қ.О. Батаева, з.ғ.к., ҚР Патенттік сенімді өкілдері қауымдастығы мен ҚР Патенттік сенімді өкілдері одағының өкілдері және басқа да патенттік сенімді өкілдер қатысты.

Кездесу барысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы және алдағы уақыттағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды..