Транспорт саласы бойынша мектеп оқушылары арасындағы байқау қорытындысы

Ағымдағы жылдың  20 – 22 маусымында Назарбаев Университетінде  транспорт саласы бойынша  оқушылар арасындағы байқаудың іріктеу кезеңі өтті.   Аталған шараға барлық облыстар мен Алматы және Астана қалаларынан 80 оқушы қатысты. Байқауды ҚР Әділет министрлігі, «ҰЗМИ» РМК және Cranfield (Ұлыбритания) университеті  ұйымдастырды.  Қорытынды кезеңінің ашылуында  «Самрұк - Қазына» АҚ  Тәуелсіз директоры Ричард Эванс мырза; «ҰЗМИ» РМК Директоры Е.Оспанов; «Назарбаев Университеті» ДБҰ Вице-президенті Е.Құсаин; Cranfield University аэроғарыштық жарыстар мектептерінің өкілі Грэхем Старк сөз сөйледі.
Іріктеуді  Cranfield университетінің аэроғарыштық жарыстар  мектептерінің  өкілдері Иан Холлингворт (Ian Hollingworth),  Крэйг Пэнрайс (Craig Penrice)  өткізді.  Үш күнге созылған байқаудың қорытындысы бойынша  Астана қаласы мен Ақтөбе облысы оқушыларының командалары,  сонымен қатар облыстардың әкімдіктері  мен Алматы және Астана қаласы әкімдіктері  ұсынған облыстық командалардын оқушылары жеңімпаз деп танылды (жеңімпаздардың тізімі).  Жеңімпаздар  сыйлық ретінде  2017 жылдың  6 - 13 тамызы аралығында оқу - танымдық сапармен Ұлыбританиядағы Cranfield университетіне бару мүмкіндігіне ие болды.
 Қорытынды кезең аясында  байқаудың қатысушылары ЭКСПО халықаралық көрмесін, Ұлттық мұражайды, Назарбаев университетін аралады, Болашақ халықарлық стипендиясының түлектерімен қызықты кездесу өткізді.
 Байқаудың бас серіктестері- «Самрұк – Қазына Траст» КҚ, «Эйр Астана» Ұлттық тасымалдаушы.

 

Newsletter category: