Ташкент қаласында «Ұлттық және халықаралық патенттік жүйелер» тақырыбында аймақтық семинар болып өтті

2017 жылдың 17-18 мамырында  Өзбекстан Республикасының Зияткерлік меншік агенттігі  Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымымен ынтымақтаса (ДЗМҰ) «Ұлттық және халықаралық патенттік жүйелер.  Электронды түрде патенттік рәсімдерді  жүргізу және өтінімдер беру» тақырыбында  аймақтық семинар өткізді. Аталған семинарға «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК  атынан патенттік ақпарат  және  сараптама кезеңдерін автоматтандыру басқармасының  басшысы А.Қ.Нұрсапа  қатысты.
            Семинардың мақсаты қатысушыларды ауыспалы экономикалы елдерде зияткерлік меншік жүйесін дамыту,  патенттерді қорғау және пайдалану, халықаралық РСТ патенттік жүйесі және еРСТ жүйесін пайдалану, сонымен қатар  IT құралдарын  дамыту жолымен патенттік қорғау саласына қызмет көрсетуді жақсарту   бойынша   ДЗМҰ  қызметімен таныстыру болды.  Соның ішінде  ұлттық патенттік жүйеде  патенттік қорғауды жеңілдету, өтінімдерді электронды беруді, қабылдауды және сараптама жүргізуді енгізу, аталған саладағы  шетел тәжірибелерін зерттеу және талдау  мәселелері қаралды.
            Семинар барысында ДЗМҰ, ЕАПҰ қызметкерлері және  семинарға қатысушы елдердің өкілдері халықаралық РСТ патенттік жүйесімен және ДЗМҰ  басқа онлайн құралдары,  патенттік қорғау бойынша аймақтық жүйе,  ЕАПҰ өнімдері және электронды қызмет көрсету сұрақтары бойынша кең түрде мағлұмат алды,  Өзбекстанның  және басқа да мемлекеттердің ұлттық патенттік жүйесінің дамуы проблемаларын және болашағын талқылады.
            Семинарда ДЗМҰ өкілдері қатысушыларға еРСТ жүйесі және РСТ өтінімдері бойынша  іс жүргізуді жүзеге асыру көрсетілді.  Сонымен  қатар ЕАПҰ өкілдері  Еуразиялық патенттік ұйымның электрондық қызметтері туралы айтып  өтті.
            ДЗМҰ РСТ өтінім берушілеріне, патенттік сенім білдірілген өкілдерге және басқа да пайдаланушыларға патент алуға  халықаралық өтінімдер  бойынша  онлайн  өтінімдер беру және  іс жүргізу  үшін веб интерфейс еРСТ ұсынады.
            Семинар барысында Жапония, Корея, Ресей және Украина секілді басқа мемлекеттерде патенттік жүйені пайдалануда  жоғары дәрежеде  қызмет көрсетуді қамтамасыз ету  бойынша сұрақтар талқыланды. Сонымен қатар,   өтінімдерді  электронды беру, қабылдау және  сараптама жүргізуде шетел  проблемалары қарастырылды, шет мемлекеттердің мамандары арасында  тәжірибе алмастырылды.
 

 

Newsletter category: