Шымкент қаласында Халықаралық зияткерлік меншік күні аталып өтті

26 сәуір Халықаралық зияткерлік меншік күні ҚР ӘМ «ҰЗМИ» РМК филиалы директоры М.Елибаевтың «Қазақстан-Шымкент» телеарнасында «Таң нұры» таңғы бағдарламасына тікелей эфирде сұхбат беруімен басталды. «Таң нұры» таңғы бағдарламасы қонақтары ретінде ғылыми жұмыстармен айналысып жүрген оқушыларда қатыстырылды, атап айтқанда Шапағат-2016 өнертапқыштар байқауында Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (WIPO) трофейін жеңіп алған Ахмет Алинада қатысты. Сұхбат барысында 26 сәуір Халықаралық зияткерлік меншік күнінің тарихы, Зияткерлік меншік туралы ақпараттар, жетістіктер және ҚР ӘМ «ҰЗМИ» РМК атынан көрермендерге тілектер жолданды.
Осы күннің екінші жартысында «Химфарм» АҚ, ҚР ӘМ «ҰЗМИ» РМК филиалы, ОҚО Кәсіпкерлер палатасы және Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясының ұйымдастыруымен  26 сәуір Халықаралық зияткерлік меншік күнін атап өтуіне арналған ғылыми жобалар байқауы Шымкент қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектептері оқушылары арасында өтті.
Байқау фармацевтика саласы бойынша оқушылар арасында ғылымды насихаттау, олардың ғылыми зерттеу жұмыстарына көмек көрсету мақсатында өтті. Байқауда 38 ғылыми жоба қарастырылды, сол 38 ғылыми жобалар арасынан іріктелген 10 үздік ғылыми жоба ұсынған оқушыларға «Химфарм» АҚ атынан: 3 IPad және 7 PocketBook салтанатты түрде сыйлыққа берілді.