Колл-центр
+7 (7172) 62-15-15
+7 (7172) 62-15-16
kazpatent@kazpatent.kz

Республикалық оқушылар арасында көлік саласындағы конкурсқа арналған пресс-конференция

2018 жылы 10 шілдеде Орталық коммуникациялар қызметінде  Республикалық оқушылар арасында көлік саласындағы конкурсқа арналған баспасөз конференциясы өтті.

Брифингте толықтай конкурс туралы ақпаратпен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры атқарушы директоры Сұлтан Айтжанов, ҚР ӘМ Зияткерлік меншік құқығы департаменті директоры Қарлығаш Есембаева, ҚР ӘМ «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК-н директоры Ербол Оспанов, ҚР ӘМ «ҰЗМИ» РМК Даму және халықаралық ынтымақтастық басқарма басшысы Айдын Артыкова сөз сөйледі.

Конкурс ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, ҚР ӘМ «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК болып табылады.

Конкурстың бірлескен ұйымдастырушысы франк-британдық Крэнфилд ғылыми-зерттеу университеті (Ұлыбритания), сондай-ақ Назарбаев университеті болып табылады. Конкурстың әріптестері ретінде Эйр Астана Ұлттық тасымалдаушысы және «Samruk-Kazyna Trust» КҚ болып табылады.

Конкурстың басты мақсаты көлік түрлерін жобалауда және құрастыруда оқушылардың қызығушылығын жоғарлату, өнертапқыштық қызметін, сондай-ақ оқушылардың мамандықты саналы таңдауды ынталандыруды қалыптастыру болып табылады.          

Конкурс жеңімпаздары 2018 жылы 19 -26 тамыз аралығында Лондон қаласына (Ұлыбритания) оқу-танымдық іс-сапарына баруға мүмкіншілік тудырады.

Баспасөз конференциясы қорытындысы бойынша баяндаушылар мектеп оқушыларын өнертапқыштық қызметіне белсенді болуына шақырды және барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.