Патенттік сенім білдірілген өкілдердің және патент иеленушілердің назарына!

«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы 

Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның дамуына айтарлықтай үлес қосқан және қоғамдық сананы жаңғыртуға әсерін тигізе алатын адамдардың нақты өмірбаяндарынан мысал келтіріп,  табыстылық бәсекеге қабілеттілік, прагматизм және білімге табыну идеяларын жылжыту «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының негізгі мақсаты болып табылады.    

Жоба қоғамдық санада мінез-құлық ерекшеліктері:  

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін, қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті қалыптастыруға және нығайтуға белсенді қатысу, заманауи Қазақстанның дамуына нақты үлес қосу; 

-   Қызмет саласында елдің позитивті имиджін жылжытуға ықпал ететін айқын жетістіктерінің болуы;

-   Қоғамдық-саяси және еңбек қызметі еліктеуге тұрарлық болатын, жастарды отансүйгіштікке  және туған жерге шын берілгендікке тәрбиелеуге, еңбекке табынуды қалыптастыруға ықпал ететін;  

-   Отанға ерен қызмет ететін замандастардың бейнесін қоғам санасында жылжытуға бағытталған.

Кандидаттарды іріктеу кезінде мыналар ескеріледі: 

- жетістілік хиқаясының айқындылығы (оның ішінде драматизм және бірегейлік);

- хронологиялық жырақтар ескеріледі – Қазақстанның тәуелсіздік кезеңі;

- кандидаттардың жалпы санының региональдық, этникалық, гендерлік алуандығы;

- кандидаттың халық арасында кеңінен белгілі және танымал болмауы.

«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасында жетістілік қазақстандық арманды іске асыру және жеке қасиеттерінің, дарынның, білімінің, болуы және жігері мен еліміз тіршілігінің әртүрлі салаларында еңбекқорлығының негізіндегі жетістіктер мен өсуін білдіреді.  .

  Сонымен бірге, патенттік сенім білдірілген өкілдер, патент иеленушілер және зияткерлік меншік саласына айтарлықтай үлес қосқан басқа да адамдар жобаға қатысушы бола алатынын түсіндіреміз. 

Неғұрлым толық ақпаратты 100esim.el.kz сайтынан алуға болады.

Анкета

«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына қатысуға өтінішті (кандидаттың анкетасын) Заявку (анкету кандидата)     kazpatent@kazpatent.kz эл. поштаға жіберуге болады.