Өтінім берушілердің тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбаларын тіркеу кезіндегі құқықтарын іске асырудың кейбір мәселелері туралы ақпараттық хат

1.  Қазақстан Республикасының «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңының 3-1 бабының 1 тармағына сәйкес сараптама ұйымы тауар таңбалары мен қызмет көрсету таңбаларына өтінімдерді қабылдау мен сараптау, тіркелген объектілердің Мемлекеттік тізілімін жүргізу, сондай-ақ тіркелу туралы мәліметті жариялауды іске асырады.
2. Сонымен қатар, Заңның 12 бабы 5 тармағына, Тауар таңбаларына өтінімдердіқұрастыру,ресімдеу
және қарау жөніндегі Ереженің 33 тармағы, 6 тармағының 3 тармақшасына сәйкес тауар таңбаларына өтінімдерді сараптау, тіркеу туралы мәліметті жариялау үшін төлемді іске асыру мен төлемді растайтын құжатты ұсыну мерзімі анықталған.
Төлем туралы құжатты белгiленген мерзiмде табыс етпеген жағдайда iс жүргiзу тоқтатылып, өтiнiм керi қайтарылып алынған болып есептеледi.
1. Дегенмен, сараптама ұйымы өтінім беруші Заңмен және Ережелермен регламенттелген мерзімді өткізіп алса, өткізіліп алынған мерзімді Заңның 13 бабы 5 тармағының негізінде қалпына келтіру  құқығын пайдалана алатындығына назар аударуды сұрайды.
Өтінім беруші өткiзiп алынған мерзім туралы, бiрақ өткiзiп алынған мерзiм аяқталған күннен екi айдан кешiктiрмей қалпына келтiруге өтініш беруі арқылы қалпына келтіруіне болады.
Мысалы: төлемді іске асыру мен төлемді растайтын құжатты ұсыну мерзімі 2017 жылдың 1 наурызына дейін болса,  қалпына келтiру туралы өтінішті 2017 жылдың 1 мамырынан кешіктірмей ұсыну қажет. Өткізіп алынған мерзімді қайта қалпына келтіру туралы өтінішхат еркін формада құрастырылады.