Өскемен қ. «ҰЗМИ» РМК филиалы Заң жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өткізді

А.ж. 15 ақпанда Өскемен қ. Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Даму қоры» АҚ-ның аймақтық филиалында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік cаласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өтті. Шараның мақсаты - азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілердің мүдделерін білдіретін заң жобаларының негізгі ережелерін түсіндіру және талқылау болып табылады. Заң жобасының міндеті - Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының зияткерлік меншікті қорғау саласындағы стандарттарына жүйелі түрде өту. Қоғамдық тыңдаудың жұмысына мемлекеттік органдар, Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Атамекен» КП, «Даму қоры» АҚ, Қазақстан-Америкалық еркін университеті өкілдері және патенттік сенім білдірген өкілдер. Жалпы Заң жобасы қолдау тапты. Заң жобаларының және Тұжырымдаманың мәтіндері 2016 жылғы 14 , 17, 20 қыркүйектегі № 101, 102, 103 «Юридическая газета», «Заң газеті» басылымдарында, Әділет министрлігінің www.adilet.gov.kz, әлеуметтік желілерде (facebook, twitter, instagram), Зияткерлік меншік құқығы институтының www.kazpatent.kz