Оқу вебинар өтті

2017 жылғы 5 шілдеде Астана қаласында «Ұлттық зияткерлік меншік институтында» «РСТ рәсімі бойынша өтінімдерді беру және қарау рәсімі. РСТ жүйесіндегі соңғы өзгерістер мен жаңа мүмкіндіктер (өтінімдерді электрондық түрде беру, e-PCT  және т.с.)» тақырыбына оқу вебинар өтті.   
Дүниежүзілік Зияткерлік меншік ұйымының қолдауымен «ҰЗМИ» РМК ұйымдастырушы болды. Лекторлар ретінде ДЗМҰ өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында РСТ рәсімі бойынша өтінімдерді қарау, өтінімдерді беру, e-PCT, РСТ онлайн-қызметтері. Онлайн-семинарға қатысушылар «халықаралық» патенттік өтінім беру рәсімімен, оны қарау және халықаралық іздеу тәртібімен танысты. Вебинар өнертабыстарды халықаралық тіркеу саласында білімді арттыру мақсатында жүргізілді.
Вебинарға Қазақстанның әртүрлі қалаларынан 90 адам қатысты. 
Вебинардың соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға берген ақпарат үшін алғыс айтты. 

Видео-жазбаны қарау

Алдын ала тіркеуден өту керек

Newsletter category: