Колл-центр
+7 (7172) 62-15-15
+7 (7172) 62-15-16
+7 (7172) 62-15-08 kazpatent@kazpatent.kz

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА КӨЛІК САЛАСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРС БАСТАЛДЫ

Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті – Елбасының Қорымен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен және ҚР ӘМ «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК-мен бірлесе оқушылар арасында көлік саласында конкурс жарияланды.

Конкурс оқушылардың көлік саласына қызығушылығын арттыруға және оқушыларды мамандықты саналы таңдауға ынтасын қалыптастыруға бағытталған.

Конкурс алғышқы рет жастар арасында сыни ойлау қабілетін дамыту қажеттілігі аталып өткен Қазақстан Республикасының Президентінің "Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыру аясында  2017 жылы өткізілді.

Конкурстың қосалқы ұйымдастырушылары болып Ұлыбританияның ғылым, техника, технология және басқару салаларындағы көшбасшы ЖОО кейінгі білім мекемелерінің бірі болып табылатын франк-британдық Крэнфилд ғылыми-зерттеу университеті (Ұлыбритания), сондай-ақ Назарбаев университеті табылады. Конкурстың әріптестері ретінде Эйр Астана Ұлттық тасымалдаушысы және "Samruk-Kazyna Trust" КҚ болып табылады.

Конкурсқа қатысушылары болып ағылшын тілін меңгерген, физика-математика және жаратылыстану ғылымдарының саласында жетістіктері бар, сондай-ақ өздік жобалық жұмыс жасау тәжірибесі бар, Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептердің 16-дан 18-ге дейін жас аралығындағы оқушылар табылады. Командалар облыстар және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктерімен құрылады.

Іріктеу туры 2018 ж. шілденің 24-26 аралығында Астана қаласында өтеді, қорытындылары бойынша ақтық санға шыққан командалар 2018 ж. 19-26 тамызы аралығында Крэнфилд университетіне (Ұлыбритания) оқу-танысу сапарына аттандырылады.