Назар аударыңыз! 2017 жылғы 26 сәуірде «Шапағат» республикалық өнертпақыштар байқауы басталады

ПРЕСС-РЕЛИЗ

 

            Мемлекет басшысы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсудің жаңа моделін құру жөнінде міндет қойды. Талап етілген инновацияларды қолдау және коммерцияландыру алға қойылған мақсатқа жету үшін маңызды талаптардың бірі    болып табылады.

            ҚР Әділет министрлігі мен «Ұлттық зияткерлік менщік институты» алға қойылған міндеттерді іске асыруға өз үлесін қосуға ұмтыла отырып, халық арасында өнертапқыштық белсенділікті ынталандыруға бағытталған Жобаны іске асыра бастады. Жоба аясында «Шапағат» республикалық форум» интернет-ресурсы әзірленді, онда электрондық форматта Өнертабыстар жәрмеңкесі, «Шапағат» республикалық конкурсы және жас өнертапқыштар арасында «Болашақ сенің қолыңда: ойлап тап та жасампаз бол» конкурсы өткізіледі.

            Өнертабыстар жәрмеңкесі өнертапқыштарға өз өнертабыстарын өзіндік  жылжытуға, қосымша мәліметтерді орналастыруға, өз өнертабыстарын өндіріске енгізу үшін бизнес серіктестерді іздеуге мүмкіндік береді.   Өз кезегінде әлеуетті инвесторлар жәрмеңке алаңында орналасқан өнертабыстарға қол жеткізе алады.        «Шапағат» өнертапқыштар конкурсы аясында интернет пайдаланушылар әлеуметтік желілер арқылы онлайн-дауыс беру жолымен олардың ойынша ең жақсы деген өнертапқыштарды таңдайды. 

«Шапағат» өнертапқыштар конкурсына қатысу үшін өтінімдерді қабылдау 2017 жылғы 26 сәуірден басталады және 26 маусымда аяқталады.   Интернет ресурстарды пайдаланушылар арасында дауыс беру ү.ж. 27 маусымнан                            30 қыркүйекке дейін өтеді.   Қорытындылары 2017 жылғы 15 қазанда жасалады.

Оқушылар арасындағы «Болашақ сенің қолыңда: ойлап тап та жасампаз бол» конкурсына Қазақстан Республикасының жалпы білім беру мекемелерінің  8-11 сынып оқушылары қатыса алады. Конкурс 2017 жылғы 26 сәуірде басталады және 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Конкурс жеңімпаздары ү.ж. 15 қазанда анықталады. 

            Толығырақ www.adilet.gov.kz  және www.kazpatent.kz интернет-ресурстарында танысуға болады.

 

        

ҚР Әділетминінің баспасөз қызметі