Колл-центр
+7 (7172) 62-15-15
+7 (7172) 62-15-16
kazpatent@kazpatent.kz

Н. Назарбаев Қорының оқушылар байқауының іріктеу айналымы финалының нәтижесі

2018 жылы 24-26 шілдеде Назарбаев Университетінде Н. Назарбаев Қорының оқушылар байқауының іріктеу кезеңі өтті. 

Аталған шараға барлық облыстар мен Алматы, Астана және Шымкент қалаларынан 85 оқушы қатысты.

Байқауды Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры, ҚР Әділет министрлігі және Ұлттық зияткерлік меншік институты ұйымдастырды. Бірлескен ұйымдастырушылар Назарбаев Университеті және Крэнфилд (Ұлыбритания) университеті.  

Іріктеуді  Крэнфилд  университетінің аэроғарыштық жарыстар  мектептерінің өкілдері Ян Холлингворт,  Фрэнк Юкэс және Грэм Старк өткізді. Сондай-ақ қазылар алқасында Шаяхметов Руслан Эйр Астана техникалық қызмет көрсету жөніндегі аға менеджері, Асем Исабекова "Samruk - Kazyna Trust" КҚ  корпаративтік байланыс секторының бас менеджері құрады. 

Үш күнге созылған байқаудың қорытындысы бойынша  Ақтөбе және Қызылорда облысы оқушыларының командалары, сонымен қатар облыстардың әкімдіктері  мен Алматы, Астана және Шымкент  қаласы әкімдіктері  ұсынған облыстық командалардың оқушылары жеңімпаз деп танылды (жеңімпаздардың тізімі).  Жеңімпаздар  сыйлық ретінде 2018 жылдың  19 - 26 тамызы аралығында оқу - танымдық сапармен Ұлыбританиядағы Крэнфилд университетіне бару мүмкіндігіне ие болды.

Соңында ҚР Әділет Вице-министрі Пан Наталья Виссарионовна құттықтау сөзімен сөз сөйлеп, жеңімпаздарға болашақта сәттілік тіледі.    

Қорытынды кезең аясында  байқаудың қатысушылары «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰҚ АҚ,  Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры, Назарбаев Университет, сондай-ақ ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің Нур-Алем павильонын, Ұлттық мұражайды қоса алғанда қала бойынша экскурсия болды.

Байқаудың бас серіктестері- «Samruk- Kazyna Trust» Корпоративтік Қоры және «Эйр Астана» Ұлттық тасымалдаушы

                       

Толығырақ