«Louis Vuitton» компаниясының Контрафактімен күрес жөніндегі басқармасы басшысымен кездесу өтті

2017 жылдың 2 тамызында ҚР Әділет министрлігінде «Louis Vuitton» компаниясының Контрафактімен күрес жөніндегі басқармасының басшысы Паоло Балистриери мырза және Әділет министрінің орынбасары Э.Әзімова, ҚР ӘМ Зияткерлік меншік құқығы департаментінің директоры Н.Пан, «ҰЗМИ» РМК мен ҚР ҚМ МТК өкілдері арасында кездесу болып өтті.
Кездесу барысында тауар таңбаларына құқықтың бұзылуына тұрақты өтемақы алу мүмкіндігі сұрақтары; тауар таңбалары құқықтарының бұзылуы туралы халықтың хабардарлығы; кедендік тоқтатулар; еркін экономикалық аймақ; тәркіленген контрафактілік тауарлар мәселелері; сонымен қатар жоспарлы тексерістер туралы құқық бұзушыларды алдын ала хабарландыруды алып тастау мәселелері талқыланды.
Көтерілген мәселелер бойынша жұмыс тәртібі барысында сұрақтарды шешуді жалғастыру және қажетті ақпараттармен алмасу туралы келісімге қол жеткізілді.

 

Newsletter category: