Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік зияткерлік меншік ведомствосының Комиссары Шин Чангмырза басқарған делегация Астана қаласында болды

2017 жылдың 10-11 қыркүйегінде Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік зияткерлік меншік ведомствосының Комиссары Шин Чанг мырза басқарған делегация Астана қаласында болды.

Сапар барысында 10 қыркүйекте SIPO, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК-ы арасындағы меморандумға қол қойылды.

 Меморандум аясында  зияткерлік меншік саласындағы  қазақстандық сарапшыларды ҚХР Патенттік ведомствосында оқыту,  зияткерлік меншік құқығын беру және сараптама жүргізу саласында тәжірибемен алмасу, соның ішінде сараптама нәтижелерін өзара мойындау бойынша сұрақтарды қарастыру мүмкіндігімен қоса, бірлесе семинарлар, тренингтер немесе дөңгелек үстелдер ұйымдастыру арқылы зияткерлік меншік құқығын иелену, пайдалану және  қорғау саласында ынтымақтасу және тәжірибемен алмасуды кеңейту жоспарлануда.