Құрметті сайт қонақтары! "ҰЗМИ" РМК жақын арада халықаралық өтінімді Халықаралық бюро және Халықаралық іздеу органына РСТ рәсімі бойынша e-PCT сервистің электрондық формасында қабылдауды жүзеге асыратын болады

Бүгінгі күні «ҰЗМИ» РМК қабылдау Ведомствосы ретінде өнертабысқа өтінімдерді аударып  жіберу мәселесін , е-РСТ рәсімі бойынша тек қана қағаз формасында өтініштерді қабылдау арқылы ғана емес, сондай-ақ электронды өтінім функциясын электронды РСТ-сервис арқылы қолдана отырып жүзеге асыруды қарастыруда.
      Бұл өтінім берудің барысын тездетуге, сәйкесінше өтінім басымдылығын анықтауға, сондай-ақ электронды РСТ-нің қосымшаларына төлемдердің азаюына байланысты өтініш берушілердің шығындарын азайтады.
Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілген қызметте кез-келген ақпаратты көрсететін  өтініштерге қатысты қабылданатын әрекеттер туралы көрсететін тіркеу функциясы бар.
      2017 жылғы 20-21 қыркүйекте Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының өкілдері Ұлттық зияткерлік меншік институтымен бірлесіп, Халықаралық бюроға электронды е- РСТ-сервис арқылы өнертабысқа өтінімдерді электронды түрде беру тәртібі туралы семинар өткізді.
Семинар шеңберінде ДЗМҰ өкілдері РСТ рәсімінің электрондық файлдық функциясын пайдаланудың негізгі мәселелерін көрсетті.
    2012 жылғы 24 ақпандағы № 89 қаулысымен бекітілген өнертабыстар мен пайдалы модельдерге өтінімдерді қарау Ережесінің тиісті ережелеріне өзгерістер енгізілгеннен кейін осы функцияны жүзеге асыру туралы ақпарат  «ҰЗМИ» РМК сайтында орналастырылады.
Newsletter category: