Contact-center
+7 (7172) 62-15-15
+7 (7172) 62-15-16
+7 (7172) 62-15-08 kazpatent@kazpatent.kz

«Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» құрметті атағын беру бойынша конкурстың қорытындысы шығарылды

Ұлттық зияткерлік меншік институтында «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» құрметті атағын беру бойынша конкурстың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Әділет Министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК директорының 2018 ж. 1 маусымдағы № 124-нқ бұйрығымен «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» атағы ең көп балл алған бес үміткерге берілді:

 Жұмабай Байнатович Байнатовқа – профессорға – Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясының академигіне;

Нұрлан Джумагулович Батпеновқа – «Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты» РМК директорына;

Абылай Рысбайұлы Сансызбайға – «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» РМК бас директорына;

Гүлнәр Сабыровна Шабдарбаеваға – Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылымдыр Академиясының корреспондент-мүшесіне;

Кәрібек Тағаевич Шеровқа – техникалық ғылымдардың докторы, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Технологиялық жабдықтар, машина жасау және стандарттау» кафедрасының профессорына.

«Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» атағы  конкурстың нәтижелері бойынша неғұрлым маңызды және кеңінен пайдаланылатын өнертабыстардың авторлары болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтарына беріледі. «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» атағын беру кезінде іріктеу критерийлері болып әлеуметтік және экономикалық маңыздылығы, келешектілігі, бәсекеге қабілеттілігі, экологиялық қауіпсіздігі табылады. Конкурс азаматтардың инновациялық белсенділігін арттыруға, олардың Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік дамуына қосқан үлестерін көтермелеуге арналған.

2018 жылғы 29 маусымда Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқыштарына салтанатты түрде дипломдар мен естелік ленталар табысталды.