Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Г.Қ. Бижанованың «ҰЗМИ» РМК филиалының ұжымымен кездесу туралы есебі

2017 жылдың 5 қаңтарында «ҰЗМИ» РМК Алматы қ. филиалы алаңында Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Г.Қ. Бижанованың «ҰЗМИ» РМК филиалының ұжымымен және патенттік сенімді өкілдермен кездесуі өтті.
Аталған кездесудің басты тақырыбы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасын талқылау болды.
«ҰЗМИ» РМК-ның қызметтері жайында «ҰЗМИ» РМК Алматы қ. филиалының директоры З.О. Орынбекова таныстырды.
Заң жобасын талқылауға белсенді түрде «ҰЗМИ» РМК директорының орынбасары Қ.О. Батаева, патенттік сенімді өкілдер М.М. Тагбергенова, Ю.А. Болотов, 2016ж. «Өнертапқыш әйел» номинациясының жеңімпазы  М.К. Алимарданова қатысты.