Халықаралық тауар таңбаларын сараптау басқармасының бас маманы М.Т.Шертышева АҚШ патенттік ведомствосында тауар таңбаларын сараптау мәселелері бойынша тренингтен өтті.

Ағымдағы жылдың 27 ақпаны мен 10 наурызы аралығында  ҚР ӘМ «ҰЗМИ» РМК  халықаралық тауар таңбаларын сараптау басқармасының бас маманы М.Т.Шертышева  АҚШ Патенттер мен тауар таңбалары жөніндегі бюроның Жаһандық зияткерлік меншік академиясында(GIPA USPTO) тауар таңбаларын сараптау мәселелері  бойынша  тренингтен өтті.
Тренинг барысында  М.Т.Шертышева  АҚШ  патенттік ведомствосында  тауар таңбаларына  өтінімдерге  сараптама жүргізу мәселесін оқыды, оның ішінде   тұтынушыларды  жаңылыстыру мәселелері, жалпыға танымал тауар таңбаларын, ұжымдық тауар таңбаларын, дәстүрлі емес тауар таңбаларын, сертификатталған белгілерді, географиялық нұсқауларды қорғау аспектілері қарастырылды.
Оқу  барысында теориялық біліммен қатар,  тәжірибелік  сипаттағы білім берілді,  USPTO  тәжірибесіндегі  нақты  мысалдар талқыланды.
Аталған тренингке  қатысқан Бразилия, Грузия, Египет, Израиль, Коста Рики, Тайвань, Эквадор патенттік ведомстволары сарапшылары  өз жұмыстары туралы ақпараттармен бөлісті.  М.Т Шертышева  Қазақстан Республикасындағы  тауар таңбаларына сараптамалар жүргізудің ерекшеліктері  туралы  айтты,  қатысушылар өз тәжірибелерімен белсенді  түрде алмасты.
Тренинг қатысушылары  америкалық  ведомствоның іздеу базасымен танысып, USPTO сайтын зерттеп, алдын ала іздеу жүргізу және өтінімдерді электронды түрде беру  механизмін қарастыру мүмкіндіктеріне ие болды.
Жоғарыда аталған тренинг барысында  қатысушылар АҚШ Патенттер мен  тауар таңбалары бюросының ғимаратына барды,  аппеляциялық  кеңес жұмысымен танысты, сонымен қатар USPTO  кітапханасына және музейге барды.
Екі апталық  оқу нәтижесінде М.Т Шертышеваға  тренингті  сәтті өткендігі туралы  сертификат берілді.