ХАБАРЛАНДЫРУ! «ҰЗМИ» РМК Алматы қ. филиалының Оқу орталығы 2017 жылдың 10 наурызында оқыту семинарын өткізеді

2017 жылдың 10 наурызында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Ұлттық зияткерлік меншік инситуты Алматы қ. филиалының Оқу орталығы (ҰЗМИ филиалы) «Тауар таңбалары, тауар шығрылған жерлер атаулары мен өнеркәсіптік үлгілер өнеркәсіптік меншік объектісі ретінде. Авторлық құқықтардың құқықтық негіздері мен тіркелуі. Өнеркәсіптік меншік объектілеріне өтінімдерді электронды  беру» тақырыбынла оқыту семинарын өткізеді.
Семинар бизнес-қоғамдастық өкілдерімен жұмыс жасайтын мемлекеттік органдар өкілдеріне, жұмыстары автор құқық пен сабақтас құқықтар объектілеріне қатысты шағын және орта бизнес өкілдеріне, ЖОО мен ҒЗИ өкілдеріне, сондай-ақ зияткерлік меншік объектілерін қорғау саласында білім алғысы келетін барлық қызығушылық танытқан тұлғаларға арналады.
Дәрістерді «ҰЗМИ» филиалының тәжірибелі сарапшылары оқиды.
Семинар барысында «ҰЗМИ» филиалының мамандары зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау және сақтау бойынша консультация және тәжірибелік көмек беретін болады.
Семинардың басталу уақыты 2017 жыл 10 наурыз, сағат 10.00-де.
Семинар бағдарламасы мен өтінім формасы аталған хабарлама қосымшасында берілген.
Семинарға қатысу тегін.
Барлық қызығушылық танытқан тұлғаларды семинарға шақырамыз.
Семинар өтетін жер: 050002, Алматы қ-сы, Мүслім және Ришат Абдуллиндер к-сі 6/1 (Жібек жолы көш. бұрышы), «ҰЗМИ» филиалының Оқу орталығы.
Семинарға қатысу өтінімін жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша немесе 8(727) 397-73-76 факсі арқылы немесе edu.center@kazpatent.kzэлектрондық поштасына жіберуге болады.
Семинарға қатысты сұрақтар бойынша «ҰЗМИ» филиалының Оқу орталығына 8(727) 397-75-23 және 397-72-76 телефондары бойынша хабарласыңыз.