«Ғылым қоры» АҚ өкілдерімен кездесу болып өтті

2017 жылдың 13 маусымында ҚР Әділет министрлігі «Ұлттық зияткерлік  меншік институты» РМК директоры Оспанов Ербол Қанатұлы бастаған делегация  «Ғылым қоры» АҚ Президенті Сұлтанғазин Әнуарбек Жәлелұлының  шақыруымен  «Ғылым қоры» АҚна  барды.
Кездесуі барысында  ғылым мен бизнес өкілдеріне  өз құзыреттері шегінде  қолдау көрсету  мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.
«Ғылым қоры» АҚ Жоба дирекциясының директоры Омаров Құрманғазы Құралұлы 2017 жылы ҒҒТҚН (ғылыми және/немесе  ғылыми- техникалық қызмет нәтижелерін) коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру  байқауына  қатысу рәсімдерін түсіндірді 

 Сонымен қатар,  ғылыми зерттеулерді, жобалар мен бағдарламаларды  жүзеге асыру барысында  кеңес беру қызметтерін ұсыну бойынша біріге жұмыс жүргізу, сондай- ақ  зияткерлік меншік  объектілеріне қатысты  мәселелер бойынша  бірге шаралар ұйымдастыру қажеттігі туралы  мәселелер талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша  тараптар ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру процесін қолдау мақсатында  Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум бекіту туралы   келісімге келді.