Контакт-центр
+7 (7172) 62-15-15
+7 (7172) 62-15-16
+7 (7172) 62-15-08 kazpatent@kazpatent.kz

ДЗМҰ өкілдері қатысуымен конфренция өтті

2018 жылы 17 шілдеде Назарбаев Университетінде Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы Бас директорының орынбасары Сильви Форбэн ханым және ДЗМҰ Дамыған және өтпелі экономикасы департаментінің Шығыс Европа және Орталық Азия, Кавказ мемлекеттері секциясы басшысының м.а. Илья Грибков мырзаның қатысуымен конференция өтті.

Қазақстан тарапынан аталған конференцияға Қазақстан Республикасы патенттік ведомстваның басшылары, Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы департаменті және де Мәдиниет және спорт министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Назарбаев Университет, басқа мүдделі ұйымдардың өкілдері қатысты. Конференция барысында Әділет министрлігі қатысушыларды зияткерлік меншік саласындағы соңғы заңнамаға өзгерістер енгізу туралы ақпаратпен және Патенттік ведомствосының қызметімен таныстырды. Конференция барысында ДЗМҰ Аудиовизуалдық орындау туралы Пекин және Зағиптардың және көру қабілеті бұзылған немесе баспа ақпаратын қабылдауға өзге де қабілеттері шектеулі адамдардың жарияланған туындыларға қол жеткізу жеңілдету туралы Марракеш шарттарына қол қою жөніндегі соңғы бастамалар талқыланды.