ДЗМҰ-ң е PCТ бойынша өтінім беру және қолдану семинары өтті

      Астана қ. 2017 жылғы 20-21 қыркүйегі  аралығында Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы (ДЗМҰ) және «Ұлттық зияткерлік меншік институты»РМК (ҰЗМИ) ұйымдастыруымен еPCT бойынша семинар өткізілді.Семинарға патенттік сенім білдірген өкілдер,патент сарапшылары, мүдделі тұлғалар, «ҰЗМИ» РМК қызметкерлері қатынасты. ДЗМҰ техникалық ынтымақтастық департаментінің Техникалық ынтымақтастық бөлімінің бастығы Питер Уоринг, РСТ-нің 4-ші операциялық тобы сарапшысының көмекшісі Ольга Новикова, ДЗМҰ Патенттік-технологиялық департаментінің РСТ қызмет көрсету бөлімі лекторы ретінде қатынасты.Семинардың бірінші күні лекторлар РСТ операциялары бойынша бөлімді, eРСT порталының көрсетілімін, өтінім беру тәртібі, ведомствоға өтінімді қабылдауды және жіберуді ұсынды.Сонымен қатар  2017 жылы РСТ ережелеріне енгізілген соңғы өзгерістермен таныстырды.Семинардың екінші күні қатысушыларға eРСT бойынша өтінім берушілері үшін портал көрсетілді, өтінім беру тәртібі, РСТ және еРСТ бойынша шолу жүргізілді. Семинардың қорытындысы бойынша практикалық сабақтар өткізілді.