Әділет министрлігінде «Шапағат» өнертапқыштар конкурсына арналған баспасөз-мәслихаты өтті

Бүгін, 26 сәуірде Әділет министрлігі мен «Ұлттық зияткерлік меншік институты» журналистермен және өнертапқыштармен  кездесу өткізді. ҚР Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаментінің директоры Н.В. Пан құттықтау сөз сөйледі. ҚР Әділетминінің «ҰЗМИ» РМК директоры Е.К.Оспанов өз сөзінде кәсіпорынның зияткерлік меншік саласындағы міндеттері мен мақсаттары туралы, сондай-ақ өнертапқыштар үшін ҰЗМИ РМК ресми сайтында өздерінің инновацияларын  орналастыру және инвестициялық серіктестерді іздеу үшін диалогтік алаң ұсынылатынын айтты.  Ал, инвесторлардың осы алаңда өздерінің инвестицияларын салатын өнертабыстарды немесе жобаларды табуға мүмкіндіктері болады. Өнертабыстар әлемдік жаңалық, өнеркәсіптік қолдану, патенттік қабілеттілік критерийлеріне сәйкес келуі тиіс.  Соңында  «ҰЗМИ» РМК директорының орынбасары К.О. Батаева қорытынды  сөз сөйлеп, «Шапағат» өнертапқыштар және жас өнертапқыштар арасындағы «Болашақ сенің қолыңда: өнертапқыш және жасампаз бол» конкурстары туралы толығырақ ақпарат берді. Ол интернет - пайдаланушылар  әлеуметтік желілер арқылы онлайн-дауыс беру жолымен, өздерінің қалауынша, ең үздік өнертапқышты таңдайды деп түсіндірді.   Бұдан бұрын жеңімпаздарды конкурстық комиссия таңдайтын болатын. Баспасөз-мәслихатына қатысушылар журналистер мен өнертапқыштардың сұрақтарына барынша толық жауап берді.

 

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                  

Newsletter category: