Астана қ. тауар таңбаларының халықаралық тіркеу және тіркелмеген өнеркәсіптік үлгілерін кұкықтық қорғау бойынша семинарлар өтті

     Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі және «Ұлттық зияткерлік меншік институты » Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымымен (ДЗМҰ) бірлесіп, 2017жылығы 13-14 кыркүйек аралығында «Таңбаларды халықаралық тіркеуде Мадрид жүйесі пайдалану» және «Тіркелмеген өнеркәсіптік үлгілерге кұкықтық қорғау» бойынша семинарлары өткізді.
    Семинардың алғашқы жумыс кунінде Казахстанда және шет мемлекеттерде  тауар таңбаларын қорғау, ұлттық өтінім берушілерге халықаралық өтінім беру жолдары, Мадрид жүйесі бойынша Халықаралық таңбаларды тіркеудің соңғы жаңалықтары талқыланды
Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының  Ақпарат және даму Мадрид реестрі бөлімінің аға заңгер маманы Татьяна Баду  (ДЗМҰ), ЖШС басқарушы серіктес «Болотов ж/е серіктестер», ҚР патенттік сенім білдірген өкілі Юрий Болотов,  «ҰЗМИ» РМК тауар таңбаларының, тауар шығарылған жердің атауы және өнеркәсіптік үлгілер департаментінің  басшысы Асемгуль Казиева созге шыкты.
Сонымен қатар 13 кыркүйекте Қазақстан Патенттік жүйесіне 25 жыл мерекелі түрде атап өтілді (23 маусым 1992 жылы Қазақстан Республикасы  Президентінің №806 Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті ұлттық патенттік ведомство туралы»   )
Мерекелік іс-шарада Қазақстан Республикасының Патенттік ведомствосының экс-басшылары ,зияткерлік меншік саласының еңбек сіңірген қызметкерлері, шетелдік патенттік ведомствосы өкілдері,патенттік сенім білдірген өкілдер, мемлекеттік және басқада ұйымдардың өкілдері қатысты.
      14 кыркүйекте тіркелмеген өнеркәсіптік үлгілерінің кұкығын қорғауын  қамтамасыз ету мәселесі қарастырылды. ДЗМҰ-ң өнеркәсіптік үлгілері және географиялық нұсқаулар бөлімінің құқықтық мәселелері жөніндегі қызметкері Марина Фосчи  өнеркәсіптік үлгілерін әртүрлі тәсілдермен қорғау, тіркелмеген  өнеркәсіптік үлгілерінің сараптама жүйесімен таныстырды.
Сонымен қатар тауар таңбалары, тауар шығарылған жердің атауы және өнеркәсіптік үлгілері басқармасының басшысы Асель Шакуанова Қазақстанда өнеркәсіптік үлгілерді қорғау бойынша баяндама жасады.
Семинарлардың қорытынды жұмысы бойынша  қатысушылар семинар тақырыбына сай өзекті сұрақтарды талқылады.

 

Презентациялар:
Фотосуреттер: