АНОНС! 2017 жылдың 23 қарашасында Алматы қ. Ұлттық зияткерлік меншік инситуты филиалы оқыту семинарын өткізеді

2017 жылдың 23 қарашасында Алматы қ. Қазақстан Республикасы Әділет министрігі Ұлттық зияткерлік меншік инситуты филиалының Оқу орталығы (ҰЗМИ филиалы) «Өнеркәсіптік меншік иелерінің құқықтарын қорғау және сақтау» тақырыбында оқыту семинарын өткізеді.
         Аталған семинарды өткізудегі мақсат – қызығушылық танытқан тұлғалардың зияткерлік меншік саласындағы білімін арттыру және зияткерлік меншік мәселелері бойынша ҚР заңнамалық актілеріне енгізілетін негізгі түзетулер туралы мәлімет беру.
         Семинарға кеден органының, кәсіпкерлер палатасының, мемлекеттік органдардың, ЖОО-ң, ҒЗИ-ң, шағын және орта бизнес өкілдері шақырылатын болады. Дәрістерді аталған саладағы үлкен тәжірибелік жұмыс өтілі бар «ҰЗМИ» РМК филиалының өндірістік бөлімдерінің басшылары мен сарапшылары оқиды.
         Семинар барысында келесідей мәселелер қарастырылатын болады:
-         ЗМ саласындағы ҚР нормативтік құқықтық актілері;
-         ЗМ саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша ҚР Заң жобасы;
-         ЗМ объектілеріне құқықтарды қорғау бойынша кедендік органдар атқаратын іс-шаралар;
-         ҚР тауар таңбалары мен ТШЖА қорғау;
-         шетелдік патенттеудің артықшылықтары;
-         «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының қызметі жайында;
-         өнеркәсіптік үлгіге патент алу рәсімі.
Семинар соңында «ҰЗМИ» филиалының сарапшылары зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау және сақтау мәселелері бойынша консультация беріп, тәжірибелік көмек көрсететін болады.
Семинардың басталу уақыты: 2017 жыл 23 қараша, сағат 10.00-де.
Семинар бағдарламасы мен өтінім формасы көрсетілген хабарлама қосымшасында берілген. Өтінімдер ағымдағы жылдың 20 қарашасына дейін қабылданады.
Семинарға қатысу тегін.
Барлық қызығушылық танытқан тұлғаларды семинарға шақырамыз.
Семинар өтетін жер: 050002, Алматы қ-сы, Мүслім және Ришат Абдуллиндер к-сі 6/1 (Жібек жолы көш. бұрышы), «ҰЗМИ» филиалының Оқу орталығы.
Семинарға қатысу өтінімін жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша немесе 8(727) 397-73-76 факсі арқылы немесе edu.center@kazpatent.kz электрондық поштасына жіберуге болады.
Семинарға қатысты сұрақтар бойынша «ҰЗМИ» филиалының Оқу орталығына 8(727) 397-75-23 және 397-73-35 телефондары бойынша хабарласыңыз.