Анонс! 2017 жылдың 2 қарашасында Женева қ-да ДЗМҰ-дың бас кеңсесінде Гаага жүйесі бойынша өнеркәсіптік үлгілерді халықаралық тіркеуге арналған семинар өтеді

2017 жылдың 2 қарашасында Женева қ-да ДЗМҰ-дың бас кеңсесінде Гаага жүйесі бойынша өнеркәсіптік үлгілерді халықаралық тіркеуге арналған  семинар өтеді. Семинар Гаага реестрінің қызметіне, Гаага жүйесі бойынша өнеркәсіптік үлгілерді халықаралық тіркеу артықшылықтарын енгізуге, атап айтқанда географиялық кеңеюіне, сондай-ақ халықаралық тіркеу және электронды құралдардың өмірлік циклі бойынша презентацияларбағытталған. Семинар Гаага жүйесі туралы және оның практикада қолдануы мен қызметі туралы жаңа білім алғысы келетін пайдаланушылар мен мүдделі тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру барысында өтеді. Семинар ағылшын тілінде болады. ДЗМҰ-ның сайтында семинарға қатысу шарттарымен таныса аласыз. ДЗМҰ-дың http://www.wipo.int веб-сайтына қатысу үшін өтінімді 2017 жылдың 27 казанына дейін жіберу керек.