Алматыда Роспатент басшысы мен ЕАПВ Президентінің жұмыс кездесуі өтті

2017 жылғы 03 шілдеде «ҰЗМИ» РМК Алматы қаласындағы филиалының базасында Зияткерлік меншік жөніндегі Федералдық  қызметтің (Роспатент) Басшысы Григорий Петрович Ивлиев пен  Еуразия патенттік ведомствосының (ЕАПВ)  Президенті Сәуле Январбековна Тлевлесованың филиал  ұжымымен кездесуі өтті. Кездесу барысында ФИПС (Patsearch) және ЕАПВ (ЕАПАТИС) деректер базаларын пайдалану, сондай-ақ оқу семинарлары мен «ҰЗМИ» РМК сарапшылары үшін тағылымдамалар өткізу мәселелері  талқыланды. 
Newsletter category: