Алматы қаласында "ҰЗМИ" РМК Оқу орталығы "Инновациялар: өмір сапасын арттыру" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді

2017 жылдың 26 сәуірінде Халықаралық зияткерлік меншік күніне орай «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК Алматы қ. филиалының Оқу орталығы «Инновациялар: өмір сапасын арттыру» атты дөңгелек үстел өткізді.
Шараны филиал директоры З.О. Орынбекова ашып, «Қазақстандық өнертабыстардың динамикасы» тақырыбында баяндама жасады.
Дөңгелек үстел жұмысына Алматы қ. Әділет департаментінің өкілдері, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің,Ә.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институтының, Қазақстан-Британ техникалық университетінің, «Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана» АҚ-ң, Микробиология және вирусология институты ҒЗИ-ң және Қазақ ветеренария ғылыми-зерттеу институтының патенттанушылары қатысты.
                Бекітілген бағдарламаға сәйкес патентанушылар мен филиал қызметкерлері келесідей баяндамалар мен хабарламалар жасады:
  • зияткерлік меншік саласында білімді арттыруды насихаттау            (Ж.А. Серікбаева);
  • Ә.Бектұров атындағы химия ғылымдары институты зияткерлік меншігінің құқықтық қорғалуы (Л.И. Капустина);
  • Қазақстан-Британ техникалық университетінің өнертабыс объектілерін тіркеу мен қорғау артықшылықтары (К.Р. Омурбекова);
  • Республикалық ғылыми-техникалық кітапхананы өнеркәсіптік меншікші қорғау бойынша ақпаратпен қамтамасыз ету (Т.А. Азанова).
         Кездесуде қатысушылар келесідей сұрақтар қойды: патенттік іздеу жүргізу рәсімі, өнеркәсіптік меншік объектілеріне электронды өтінім беру. Сонымен қатар, патенттанушыларға (баяндамашыларға) өз өнертабыстарын коммерцияландыру бойынша сұрақтар қойылды.
         Кездесу соңында қатысушылар өз алғыстарын айтып, зияткерлік меншік мәселелері бойынша тәжірибе алмасу мақсатында бірге бастаған жұмысты әрі қарай жағастыруды ұсынды.
Newsletter category: