Алматы қаласында С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде семинар өткізілді

2017 жылдың 26 мамырында С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде «Өнертабыс мен пайдалы модель өнеркәсіптік меншік объектісі ретінде» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинарды алғы сөзбен «ҰЗМИ» филиалы Оқу орталығының басшысы Ж.А. Серікбаева ашып, қатысушыларға «Шапағат» Республикалық форумының өткізілуі туралы ақпарат берді.
Семинар жұмысына 30 адам қатысты. Бағдарламаға сәйкес Өнертабыстар бойынша патенттік зерттеулер басқармасының басшысы     Г.У. Жакитова «Өнертабыс мен пайдалы модель өнеркәсіптік меншік объектісі ретінде» тақырыбында дәріс оқып:
- өнертабыстар мен пайдалы модельдерге жататын объектілер;
- қорғау құжатын (патент) алуға өтінім беру рәсімі;
- өнертабыс пен пайдалы модель объектілерінің патентке қабілеттілік талаптары;
- қорғау құжатының әрекет ету мерзімі туралы және басқа да мәліметтерді сөз етіп, баян етті.
Қатысушылар тарапынан өтінімді толтыру тәртібі, өнеркәсіптік меншік объектілеріне өтінімді беру мен оларды қарау, өтінім берудегі төлем, алдын-ала іздеу жүргізу, патент иеленуші мен өнеркәсіптік меншік объектілері авторының құқықтары және т.б. сұрақтар қойылды.
Семинар соңында университет өкілі ұйымдастырушылар мен лекторға өткізілген семинар үшін алғыс хат табыстап, өнертабыс пен пайдалы модель объектілері туралы берген ақпарат үшін ризашылығын білдірді.