Алматы қаласында оқу семинарлары болып өтті

2017 жылдың 12 және 19  шілдесінде Ұлттық зияткерлік меншік институты филиалының Оқу орталығы Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы  ғылыми-зерттеу институтында және Қ.И.Сәтпаев атындағы  Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде  «Авторлық құқық. Өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалану және тіркеу»  тақырыбында көшпелі семинарлар өткізді.
«ҰЗМИ» РМК филиалының  қызметкерлері лекция оқыды. Семинар  жұмысына  бөлім басшылары, жоба жетекшілері, ғылыми қызметкерлер,  ұстаздар мен  аталған ЖОО патенттік сенім білдірілген өкілдері қатысты.  Баяндама барысында семинар қатысушылары  өнертабысқа патент беруге өтінімдерді рәсімдеу, беру және қарау жөнінде,  сараптамалық ұйыммен  іс жүргізу тәртібі,  авторлық келісімшарт,  еуразиялық өтінім, қызметтік шығарма, өнертапқыштарды ынталандыру жөнінде,  лиценциялық келісімшарттың  бағасын анықтау бойынша  және т.б. сұрақтар қойды.
Семинар соңында  қатысушылар  зияткерлік меншік бойынша берген ақпараттары үшін ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді және  тұрақты  түрде  осындай семинарлар өткізу қажеттілігі туралы  өздерінің ұсыныстарын білдірді.