Алматы қаласында "Инновациялық технологиялар паркі" АЭА оқу семинары өтті

2017 жылдың 23 мамырында «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағында «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА мен «Ұлттық зияткерлік меншік ниституты» РМК Алматы қ. филиалының («ҰЗМИ» РМК филиалы) Оқу орталығы ұйымдастырған «Өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғау және өтінімдерді электронды түрде беру» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.
Лекторлар ретінде «ҰЗМИ» РМК Алматы қ. филиалының сарапшылары мен мамандары келесідей тақырыптарда дәріс оқыды:
- Өнертабыс пен пайдалы модель өнеркәсіптік меншік объектілері ретінде (Джаманшалова Л.Г.);
- Тауар таңбалары мен қызмет көрсету таңбаларын Қазақстанда қорғау (Горбунова Т.В.)
- Өнеркәсіптік меншік объектілеріне электронды түрде өтінім беру (Назаров Б.О.).
Аталған семинарға тыңдаушылар ретінде «ИТП» АЭА қызметкерлері мен басқа ұйымдардың өкілдері қатысты.
Семинар қатысушылары зияткерлік меншік объектілерін тіркеу, ЗМО-не объектілеріне қорғау құжаттарын алу, авторлық құқық алу туралы және т.б. сұрақтар қойды. Барлық сұрақтарға «ҰЗМИ» РМК филиалының қызметкерлері толық жауап берді.
Семинар аяқталған соң тыңдаушылар ұйымдастырушылар мен лекторларға ризашылықтарын білдірді