Алматы қ. Ғарыштық техника және технология институтында семинар өткізілді

2016 жылдың 20 желтоқсанында Алматы қ. Ғарыштық техника және технология институтында «Өнертабыс пен пайдалы модель өнеркәсіптік меншік объектілері ретінде. ӨМО-не өтінімдерді электронды түрде беру» тақырыбында семинар өткізілді.
Бекітілген бағдарламаға сәйкес «ҰЗМИ» Алматы қ. филиалының мамандары келесідей тақырыптарда дәрістер оқыды:
- Патенттік заңдағы өзгерістерге сәйкес өнертабыс пен пайдалы модель өнеркәсіптік меншік объектілері ретінде;
- ӨМО-не өтінімдерді электронды түрде беру.
Аталған семинарға Жоба-өндірістік қамтамасыз ету секторының, Ғылыми мақсаттағы ғарыш жүйелері зертханасының, Радиоэлектрондық қамтамасыз ету секторының меңгерушілері мен спутниктік навигация технологиялары зертханаларының аға ғылыми қызметкері және т.б. қатысты.
Қатысушылар зияткерлік меншік объектілерін тіркеу, ӨМО-не қорғау құжаттарын беру тәртібі, авторлық құқық объектілері, қорғау құжаттарының қолданылу мерзімдері, ӨМО-не құқықтарды беру және өтінімдерді электронды түрде берудің артықшылықтары туралы сұрақтар қойды. Қойылған барлық сұрақтарға филиал мамандары түсіндіріп, толық жауап берді.
Newsletter category: