Contact-center
+7 (7172) 62-15-15
+7 (7172) 62-15-16
+7 (7172) 62-15-08 kazpatent@kazpatent.kz

АҚШ Патенттер мен тауар таңбалары жөніндегі ведомствосына жұмыс сапары

2018 жылдың 14 мамырында АҚШ Патенттер мен тауар таңбалары жөніндегі ведомствосына (USPTO) жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы  Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы департаментінің директоры Қарлығаш Есембаева мен Қазақстан Республикасы  Әділет министрлігі «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК  директоры  Ербол Оспанов  USPTO директоры Андрей Ианка мырзамен кездесті.

Басшылар екі ведомство қызметінің ағымды  көрсеткіштерін,  өзара қатынастың өзекті мәселелерін және екіжақты ынтымақтастықты дамыту болашағын талқылады.

Сонымен қатар, қазақстандық делегацияның USPTO Патенттік сараптама жөніндегі комиссардың орынбасары Роберт  Бар мырзамен және USPTO  саясат және халықаралық қатынастар бөлімінің  патенттік сенім білдірілген өкілі  Кристиан Хеннон  мырзамен IT-шешімдерді  патенттеу мәселесін талқылауға арналған  кездесуі болды.

Ақпарат бөлімінің  статистика және портфолио бойынша маманы Томас Бич мырзамен кездесу барысында жасанды интеллект  құралдарын USPTO пайдалану тәжірибесі талқыланды.

Қазақстандық делегация американдық тарапты Қазақстан Республикасында  зияткерлік меншік объектілерін тіркеудің негізгі қағидаларымен, сондай-ақ,  өзі көрсететін қызметтерін цифрландыру  бойынша  «ҰЗМИ» РМК қызметінің бағытымен таныстырды. 

«ҰЗМИ» РМК мен USPTO арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандум 2016 жылы  желтоқсан  айында бекітілген.