Колл-центр
+7 (7172) 62-15-15
+7 (7172) 62-15-16
+7 (7172) 62-15-08 kazpatent@kazpatent.kz

2018 жылдың 19 маусымда «ҰЗМИ» РМК филиалының Оқу орталығы «Өнеркәсіптік меншік объектілерін тіркеу және құқықтық қорғау» тақырыбында көшпелі семинар өткізді

2018 жылдың 19 маусымында Алматы қ. Әділет департаменті, Алматы қаласы бойынша «Атамекен» ҰКП-ң аймақтық палатасы мен «Аманат» авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау бойынша коммерциялық емес ұйым» жекеменшік мекемесі бірлесе ұйымдастырған Алматы қаласының кәсіпкерлеріне арналған зияткерлік меншік мәселелері бойынша «Ашық есік күнінде» Л.Г. Джаманшалова («ҰЗМИ» РМК филиалының Өнертабыстар бойынша патенттік зерттеулер басқармасының бас сарапшысы) «Өнеркәсіптік меншік объектілерін тіркеу және құқықтық қорғау» тақырыбында дәріс оқыды. Аталған шарада скикерлер ретінде Л.Ю. Балмагамбетова («Аманат» авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау бойынша коммерциялық емес ұйым»ЖМ-ң президенті) «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар. Авторлар мен орындаушылар құқықтарын ұжымдық басқару бойынша қызмет» тақырыбында, Б.Н. Құлантаев (Алматы қ. Әділет департаментінің Зияткерлік меншік бойынша бөлімінің жетекшісі) «Қазақстан Республикасында тауар таңбаларын қорғау (құқық қолдану тәжірибесінің проблемалары)» тақырыбында сөз сөйледі. Жұмыс барысында өнеркәсіптік меншік объектілеріне өтінім беру, объектілерді қорғау және қорғалған объектіні табыс табу мақсатында пайдалану жөнінде өзекті мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, авторлық құқық проблемалары, атап айтқанда, айрықша авторлық құқықтың қызметтік туындыға берілуі, авторлық құқықты бағалау және т.б. мәселелер қозғалды.