Контакт-центр
+7 (7172) 62-15-15
+7 (7172) 62-15-16
+7 (7172) 62-15-08 kazpatent@kazpatent.kz

2018 жылдың 1 маусымында «ҰЗМИ» РМК филиалының Оқу орталығы көшпелі семинар өткізді

2018 жылы 1маусымында А.Б.Бектұров атындағы Химиялық  ғылымдар институтыда «Өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды пайдалану» тақырыбында көшпелі семинар өткізілді.

«Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК филиалының Өнертабыстар бойынша патенттік зерттеулер басқармасының бас сарапшысы В.П. Федурин «Шарттар түрлері. Лицензиялық шарттар және лицензия түрлері» тақырыбында дәріс оқыды.

В.П.Федурин өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалану туралы мәселелерді ашты: шарттарды тіркеу үшін шарттың нысаны өнеркәсіптік меншік объектілері болу керек, мұндай шарттар  уәкілетті органда тіркелуі керек; шарт түрлері (өзгеге беру, лицензиялық шарт және т.б.) лицензиялық шарттардың классификациясы; шартты тіркеу үшін қандай құжаттар ұсынылады; шартты сараптау тәртібін рәсімдеу; уәкілетті органның шартты тіркеу немесе тіркеуден бас тарту туралы шешімі қандай қорытындыға байланысты,
уәкілетті органның және сараптама жасау ұйымының шарттарды тіркеуден кейінгі жасалатын жұмысы және т.б.

Тыңдаушылар аталған шараға белсенді түрде қатысты. Шарт негізінде құқықтарды беру, атап айтқанда, құқықтарды басқаға беру мен уәкілетті органда оларды тіркеу сияқты көптеген сұрақтар қойылды. Сондай-ақ, құқықтарды толық немесе жартылай беру шартын тіркеуге өтінім берушілер берген материалдарға сараптама жүргізу рәсімі де сөз болды.

Семинар соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға зияткерлік меншік мәселелері бойынша жасаған құқық түсіндіру жұмыстары үшін алғыс айтты.