2017 жылы 21 қыркүйекте Астана қаласында Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) "РСТ рәсімі бойынша өтінім беру және қарастыру. РСТ жүйесі бойынша соңғы өзгерістері мен жаңа мүмкіндіктері тақырыбында семинар өтеді

2017 жылы 21 қыркүйекте Астана қаласында Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) "РСТ рәсімі бойынша өтінім беру және қарастыру. РСТ жүйесі бойынша соңғы өзгерістері мен жаңа мүмкіндіктері (электронды түрде өтініш беру, e-РСТ және т. б.)"тақырыбында семинар өтеді.

 ДЗМҰ-ның және Қазақстанның дәріскерлері РСТ рәсімі бойынша өтінімдерді қарау ерекшеліктеріне байланысты мәселелерімен , өтінімдер беру , e-PCT,PCT онлайн - сервистермен таныстырады. Семинарға қатысушылар "халықаралық" патенттік өтінім беру рәсімімен, оны қарау тәртібі, және  халықаралық іздеуді жүргізүмен танысатын болады. Семинар халықаралық өнертабыстарды  тіркеу саласында білімін  арттыру мақсатында өткізіледі.

Жұмыс тілдері  орыс және ағылшын тілі .

Семинарларға барлық қатысамын деушілер шақырылады. Қатысу тегін.

Өткізу орны: Астана қ., "Тілеп Қобыз Сарайы" Керей мен Жәнібек Хандар көшесі 18, " Магнолия" залы

Басталуы 09:30-да.

Қатысу үшін мына электрондық поштаға өтінім беру керек : saimo-niis@yandex.ru 2017 жыл 19 қыркүйекке дейін