2017 жылғы 24 наурызда С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінде «Авторлық құқықтардың құқықтық негіздері мен тіркелуі» тақырыбында семинар өткізілді

2017 жылғы 24 наурызда С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінде «Авторлық құқықтардың құқықтық негіздері мен тіркелуі» тақырыбында семинар өткізілді.
         Семинарды «ҰЗМИ» РМК филиалы Оқу орталығының басшысы     Ж.А. Серікбаева ашып, қатысушыларға филиал қызметі туралы ақпарат берді.
         Шараға аталған университеттің 20 қызметкері қатысты. Алдын-ала бекітілген бағдарламаға сәйкес Оқу орталығының бас маманы Б.О. Назаров «Авторлық құқықтардың құқықтық негіздері мен тіркелуі» тақырыбында дәріс оқыды.
         Семинар барысында мынадай мәселелер қаралды:
  • авторлық құқықты мысалдармен анықтау;
  • авторлық құқықпен қорғалатын объектілер;
  • авторлық құқықты мемлекеттік тіркеуге өтінім беру тәртібі;
  • авторлық құқықтың әрекет ету мерзімі;
  • қандай жолмен автордың мүліктік құқықтары басқаға беріледі?
Семинарда қатысушылар мынадай сұрақтарды қойды: авторлық құқық объектілерін мемлекеттік тіркеуге өтінімді ресімдеу; беру және оның қаралуы; өтінімді беруге төлем жасау; авторлық құқық шеңбері; туынды шығармалар ретінде нені түсінеміз?; автордың қандай мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтары бар? және т.б.
Семинар соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға авторлық құқық объектілері туралы берген ақпарат үшін алғыс айтып, ағымдағы жылдың сәуір айында «Өнертабыс және пайдалы модель өнеркәсіптік меншік объектілері ретінде» тақырыбында осындай семинарды өткізу қажет екенін атап өтті.