2017 жылдың 24 қазанында Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі «Ұлттық зияткерлік меншік институтының» (ҰЗМИ) Алматы қ. филиалында «EXPO-2017 қатысушыларымен кездесу» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтеді

2017 жылдың 24 қазанында Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі «Ұлттық зияткерлік меншік институтының» (ҰЗМИ) Алматы қ. филиалында «EXPO-2017 қатысушыларымен кездесу» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтеді.
Дөңгелек үстел жұмысына еліміздің белгілі өнертапқыштары А.В. Болотов пен Н.С. Буктуков қатысып, «EXPO-2017» Бүкіләлемдік көрмесінде көрсетілген өнертабыстары туралы айтып беретін болады. Бұдан бөлек, ИТП АЭА Комитетінің инфрақұрылымдық мәселелер бойынша директоры С.Д. Рашев «Инновациялық жобаларды коммерциаландыру» туралы мәлімет береді.
Дөңгелек үстелдің басталу уақыты, 2017 жыл 24 қазан, сағат 10.00-де.
Қызығушылық танытқан барлық тұлғаларды шақырамыз!!!
Мекен-жай: Алматы қ-сы, Мүслім және Ришат Абдуллиндер к-сі 6/1 (Жібек жолы көш. бұрышы). Дөңгелек үстелге қатысты сұрақтар бойынша «ҰЗМИ» филиалының Оқу орталығына 8(727) 397-75-23 телефоны бойынша немесе edu.center@kazpatent.kz электрондық поштасына хабарласыңыз.