2017 жылдың 23 қарашасында Алматы қ. "ҰЗМИ" РМК филиалы оқыту семинарын өткізді

2017 жылдың 23 қарашасында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК филиалының Оқу орталығы («ҰЗМИ» филиалы) «Өнеркәсіптік меншік иелерінің құқықтарын қорғау және сақтау» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.

Семинарға Алматы қ. бойынша Кедендік басқару басқармасының, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының, Әділет департаментінің, бизнес құрылымдар мен басқа да ұйымдардың өкілдері қатысты.

Лекторлар ретінде Алматы қ. бойынша Кедендік басқару басқармасының, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері мен аталған салада үлкен тәжірибелік жұмыс өтілі бар «ҰЗМИ» филиалының өндірістік басқарма басшылары мен сарапшылары дәріс оқыды.

Семинарда зияткерлік меншік мәселелері бойынша ҚР-ң құқықтық актілері; «ҚР-ң кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР-ң заң жобасы; ЗМ объектілеріне құқықтарды қорғау бойынша кедендік органдар атқаратын іс-шаралар; ҚР-да тауар таңбалары мен ТШЖА қорғау; «Атамекен» Алматы қ. кәсіпкерлер палатасының қызметі жайында және өнеркәсіптік үлгіге патент алу рәсімі сияқты тақырыптар қарастырылды.

Сонымен қатар, семинар барысында лекторлар тауар таңбаларын, тауар шығарылған жерлер атауларын және өнеркәсіптік үлгілерді тіркеуге берілген өтінімдердің қаралу тәртібін жете түсіндірді.

Қатысушылар семинарға белсенді қатысып, өнеркәсіптік меншік объектілерінің кедендік тізілімде тіркелуіне қатысты көптеген сұрақтар қойды. Сондай-ақ, құқықтарды беру шарттары бойынша өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғау мен оларға құқықтарды беру және тауар таңбаларын шетелде тіркеудің артықшылықтары туралы сұрақтар қойылды.

Семинар аяқталған соң қатысушыларға өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтық қорғау мен сақтау бойынша кеңес беріліп, тәжірибелік көмек көрсетілді.