Колл-центр
+7 (7172) 62-15-15
+7 (7172) 62-15-16
+7 (7172) 62-15-08 kazpatent@kazpatent.kz

Новости

Құрметті өтінім берушілер

2018 жылғы 20 шілдедегі № 161-VI Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік cаласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК 2018 жылдың 24 қыркүйегінен бастап Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді енгізу жөнінде өтінімдерді қабылдауды жүзеге

Қарағанды облысында Инновациялық Өңірлік Кеңсе патенттерді алуға көмектеседі

«Сарыарқа» ӘКК» ҰҚ» АҚ төңірегіндегі Инновациялық Өңірлік Кеңсе өнертабысқа және пайдалы модельге Қазақстан Республикасының патентін алуға өтінім беруге жәрдемдесу бойынша қызметтер көрсетеді, оның ішінде Қарағанды облысындағы шығындарды 100% - ға дейін жабу (мемлекеттік баж және патенттік сенім білдірген өкіл қызметі).

Call-орталығы: 8 (7212) 35-96-09

 

 

Өзбекстан Республикасы Әділет министрлігінің өкілдері «ҰЗМИ» РМК-ға келді

А.ж. 20 қыркүйегінде Өзбекстан Республикасы Әділет министрлігі өкілдері: Заңды қызметтерді үйлестіру басқармасының орынбасары С. Абдуллаев мырза және Мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін сараптау басқармасының бас кеңесшісі Д. Суфиева ханым мемлекеттік қызметтерді көрсету сұрақтары бойынша «ҰЗМИ» РМК ға сапармен келді.

2018 жылдың 14 мен 15 қыркүйегінде «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК Алматы қ. Филиалында зияткерлік меншік саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістер бойынша дөңгелек үстел және тәжірибелік сабақтар өтті

2018 жылдың 14 мен 15 қыркүйегінде «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК Алматы қ. филиалында зияткерлік меншік саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістер бойынша «ҰЗМИ» РМК, қызығушылық танытқан тұлғалар мен ұйымдар өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел және тәжірибелік сабақтар өтті.

«ҰЗМИ» РМК өкілдері «Қазақстан Республикасы зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты

2018 жылы 13 қыркүйекте «ҰЗМИ» РМК өкілдері ҚР Әділет министрлігі Reed Smith LLP заң фирмасы - шетелдік кеңесшімен бірлесіп ұйымдастырған «Қазақстан Республикасы зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты.

06 сентября 2018 года Учебный центр филиала РГП «НИИС» г. Алматы провел семинар

2018 жылдың 06 қыркүйегінде «ҰЗМИ» РМК Алматы қ. филиалының Оқу орталығы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінде 3-курс студенттері арасында «Авторлық құқық негіздері» тақырыбында семинар өткізді. Аталған шараға лектор ретінде Оқу орталығының бас маманы Б.О. Назаров қатыстып, авторлық құқықтың негізгі ережелері туралы мысалдар арқылы кеңінен ақпарат берді.

2018 жылдың 29 тамызында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Ұлттық зияткерлік меншік институтының» Алматы қ. филиалында филиал ұжымының Тәжікстан Республикасы патенттік ведомствосының өкілдерімен кездесуі болып өтті

2018 жылдың 29 тамызында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Ұлттық зияткерлік меншік институтының» Алматы қ. филиалында филиал ұжымының Тәжікстан Республикасы патенттік ведомствосының өкілдерімен кездесуі болып өтті.

2018 жылдың 14 мен 15 қыркүйегінде «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК Алматы қ. филиалында зияткерлік меншік саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістер бойынша дөңгелек үстел және тәжірибелік сабақтар өтеді

2018 жылдың 14 мен 15 қыркүйегінде «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК Алматы қ. филиалында зияткерлік меншік саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістер бойынша «ҰЗМИ» РМК, қызығушылық танытқан тұлғалар мен ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел және тәжірибелік сабақтар өтеді.
Шараның басталу уақыты: 2018 жыл 14 қыркүйек, сағат 15.00-де; 2018 жыл 15 қыркүйек, сағат 10.00-де.
Өтетін орны: Алматы қ-сы, Мүслім және Ришат Абдуллиндер к-сі 6/1 (Жібек жолы көш. бұрышы).

А.ж. 5 қыркүйекте "ҰЗМИ" РМК-да Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Жұмағалиев А.Қ. төрағалығымен ҚР Әділет министрлігінің мемлекеттік қызметтері үшін сараптамалық қызметтерді оңтайландыру мен автоматтандыру мәселесі бойынша көшпелі отырыс өтті

А.ж. 5 қыркүйегінде «ҰЗМИ» РМК-да Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Жұмағалиев А.Қ. төрағалығымен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік қызметтері үшін сараптамалық қызметтерін оңтайландыру мен автоматтандыру мәселесі бойынша көшпелі отырыс өтті.
Отырыс жұмысына ҚР Әділет министрі Бекетаев М.Б., ҚР Әділет министрінің орынбасары Пан Н.В., ведомствоаралық комиссияның мүшелері – ҚР АКМ, ҚР ҰЭМ, ҚР ҚМ, ҚР МҚІСЖҚІА, «ҰАТ» АҚ, Азаматтарға арналған үкімет» ҰАҚ, «Нұр Отан» партиясы қатысты.

«ҰЗМИ» РМК өкілдері Қырғыз Республикасы зияткерлік меншік жүйесінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған Дәстүрлі білімдерді құқықтық қорғау мәселесіне арналған аймақтық семинарға қатысты

Директор орынбасары Н. Абулкаиров бастаған «ҰЗМИ» РМК делегациясы Қырғыз Республикасы зияткерлік меншік жүйесінің 25- жылдығына орай ұйымдастырылған Дәстүрлі білімдерді қорғау мәселесіне арналған аймақтық семинарға қатысты.

Семинар Қырғыз Республикасы Үкіметінің қасындағы Зияткерлік меншік және инновациялар Мемлекеттік қызметі (Қырғызпатент) және Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымымен (ДЗМҰ) ұйымдастырылып, а.ж.   2-3 қыркүйек күндері ІІІ Әлемдік көшпенділер ойындары қарсаңында Ыстықкөл к., Қырғыз Республикасында өткізілді.