2017 жылдың 20 қарашасында «ҰЗМИ» филиалының Оқу орталығы семинар өткізді

2017 жылдың 20 қарашасында «ҰЗМИ» Алматы қ. филиалының Оқу орталығы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтында (КИМЭП) «Авторлық құқық негіздері және ҚР-да тауар таңбаларын тіркеу» тақырыбында көшпелі семинар өткізді.
Аталған Институт студенттері авторлық құқық объектілерін тіркеу мен пайдалану, авторлық және сабақтас құқық саласындағы құқық бұзушылықтар, тауар таңбалары бойынша ұқсастық пен баламалықты анықтау үшін жасалатын сараптама туралы сұрақтар қойып, оларға лекторлардан толық жауап алды.
Семинар соңында Институт өкілі және профессор Э.М. Боговиева лекторларға «Бэнг атындағы бизнес колледжінің» атынын алғыс хат табыстап, семинар ұйымдастырушыларына алғыс білдірді.