2017 жылдың 19 қазанында «ҰЗМИ» РМК филиалының Оқу орталығы Қазақ онкология және радиология ғылыми зерттеу институтында «Өнертабыс пен пайдалы модель өнеркәсіптік меншік объектілері ретінде» тақырыбында оқыту семинарын өткізді

2017 жылдың 19 қазанында «ҰЗМИ» РМК филиалының Оқу орталығы Қазақ онкология және радиология ғылыми зерттеу институтында «Өнертабыс пен пайдалы модель өнеркәсіптік меншік объектілері ретінде» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.
Семинар жұмысына аталған институт директорының орынбасары, ғылым хатшысы, патенттанушысы, кафедра меңгерушісі, психологтар, дәрігер-резиденттер мен резиденттері және «ҰЗМИ» филиалының қызметкерлері қатысты.
Лектор ретінде Өнертабыстар бойынша патенттік зерттеулер басқармасының бас сарапшысы Л.Г. Джаманшалова дәріс оқыды.
Семинар барысында келесідей мәселелер қарастырылды:
-         өнертабыс пен пайдалы модельді тіркеу;
-         өнертабыс пен пайдалы модельдің патентке қабілеттілік талаптары;
-         зияткерлік меншік саласындағы жаңа заң жобасы.
Қатысушылар шетелдік патенттеу, тақырыптық патенттік іздеу, өтінім берушілер мен авторлардың мүмліктік және мүліктек емес құқықтары туралы сұрақтар қойды.
Семинар аяқталған соң институт басшылығы филиал қызметкерлеріне берілген ақпарат үшін алғыс айтып, ынтымақтастық алдағы уақытта да жалғасын табатынына сенім білдірді.