2017 жылдың 11 қаңтарында Алматы қ. «Авторлық және сабақтас құқықтар. Өнеркәсіптік меншік объектілеріне өтінімді электронды түрде беру» тақырыбында семинар өтті

2017 жылдың 11 қаңтарында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары Ұлттық орталығының ғимаратында «Авторлық және сабақтас құқықтар. Өнеркәсіптік меншік объектілеріне өтінімді электронды түрде беру» тақырыбында семинар өтті.
Семинар жұмысына 21 адам, соның ішінде орталықтың директоры мен қызметкерлері қатысты.
Алғы сөзді Оқу орталығының бас маманы Ж.А. Серікбаева сөйлеп, Оқу орталығы туралы қысқаша ақпарат берді.
Алдын-ала бекітілген бағдарламаға сәйкес «ҰЗМИ» филиалының қызметкерлері келесідей дәрістер оқыды: «Авторлық және сабақтас құқықтар» (Л.Г. Джаманшалова – Өнертабыстар бойынша патенттік зерттеулер басқармасының бас сарапшысы), «Өнеркәсіптік меншік объектілеріне өтінімді электронды түрде беру» (Б.О. Назаров – Оқу орталығының бас маманы).
Семинарға қытысушылар зияткерлік меншік объектілерін тіркеу, өнеркәсіптік меншік және авторлық құқық объектілеріне қорғау құжаттарын алу, қорғау құжаттарының әрекет ету мерзімдері және т.б. туралы сұрақтар қойып, «ҰЗМИ» филиалының қызметкерлерінен толық жауап алды.
Шара аяғында семинар қатысушылары ЗМ мәселелері бойынша берілген ақпарат үшін «ҰЗМИ» филиалының қызметкерлеріне алғыс айтып, аталғын қызмет саласында жемісті еңбек тіледі.