2017 жылдың 10 қазанында «ҰЗМИ» РМК филиалының Оқу орталығы «Нұр Отан» партиясының Медеу аудандық филиалыменбірлесе отырып «Авторлық құқық негіздері» тақырыбында семинар өткізді

2017 жылдың 10 қазанында «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК филиалының Оқу орталығы «Нұр Отан» партиясының Медеу аудандық филиалыменбірлесе отырып №172 мектеп-гимназиясында 6-7 сынып оқушыларына арналған «Авторлық құқық негіздері» тақырыбында семинар өткізді. Семинар жұмысына аталған мектептің директоры, мұғалімдері және оқушылары қатысты. Лектор ретінде Оқу орталығының бас маманы Б.О. Назаров дәріс оқып, авторлық құқық объектілері туралы мысалдар арқылы кеңінен мәлімет берді. Оқушылар семинар жұмысына белсенді қатысып, авторлық құқық объектілерін тіркеу, авторлық талаптары, автордың құқықтарын заңсыз пайдалану туралы сұрақтар қойды. Шара соңында мектеп директоры Т.Т. Қазыбаев ұйымдастырушыларға алғыс айтып, қызметте жеміс тіледі.