2017 жылдың 09 қарашасында «ҰЗМИ» РМК Алматы қаласы филиалының көшпелі семинар өткізді

2017 жылдың 09 қарашасында «ҰЗМИ» РМКфилиалының Оқу орталығыҚазақ онкология және радиология ғылыми зерттеу институтында «Шетелдік патенттеу және авторлық құқық негіздері» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.
Семинар жұмысына аталған Институт директорының орынбасары, ғылым хатшысы, патенттанушысы, кафедра меңгерушілері, психологтар, дәрігер-резиденттер мен резиденттері және «ҰЗМИ» филиалының қызметкерлері қатысты.
Лекторлар ретінде Өнертабыстар бойынша патенттік зерттеулер басқармасының бас сарапшысы Р.К. Жетібаева мен Оқу орталығының бас маманы Б.О. Назаров дәріс оқыды.
Семинар барысында келесідей мәселелер қарастырылды:
-         шетелдік патенттеу;
-         авторлық құқық негіздері.
Қатысушылар халықаралық өтінімдерді тіркеудің тәртібі, шетелдік патенттеудің мерзімдері және ғылыми еңбектерді авторлық құқық объектілері ретінде тіркеу туралы сұрақтар қойды.
Семинар аяқталған соң клиникалық жұмыстар бойынша директордың орынбасары Ж.Қ. Чингисова и ғылыми хатшы Т.Г. Гончарова берілген ақпарат үшін филиал қызметкерлеріне алғыстарын айтты.